Телефон/факс: +7-(7172)-54-87-82 * Приемный покой +7-(7172) 54-93-07 * Телефон доверия +7(7172) 45-74-03 * E-mail: cln-rkb@akmzdrav.kz

Ақмола облысында ғылыми-практикалық конференция өтті..


 Ақмола облысында ғылыми-практикалық конференция өтті.

     Бүгін, №2 Ақмола облыстық ауруханасының базасында акушерлік және гинекология сұрақтары бойынша ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс – шараға, Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Бибігүл Иманқұлова, бас дәрігерлердің емдеу ісі жөніндегі орынбасарлары және аймақтағы медициналық ұйымдардың акушер-гинеколог мамандары қатысты. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Бибігүл Иманқұлова сөз сөйледі.Сонымен қатар, конференция барысында өз баяндамаларын оқығандар: профессор Искаков Серік, Степногорск қаласынан перзентхана бөлімшесінің меңгерушісі Юлдашев Шерали, перзентхана бөлімшесінің меңгерушісі Қожагаппарова Айгүл және т.б. Баяндама оқушылар, жүктілік және босану кезеңіндегі нәрестенің жағдайын бағалау, заманға сай жедел гинекология мүмкіндіктері, жүктілік, босану және босанудан кейінгі кезеңдеріндегі қан кетуді емдеу және алдын алу шаралары және т.б. тақырыптарда сөз қозғап, қатысушыламен өз тәжірбиелерін бөлісті. Сонымен қатар, аталған іс-шара барысында профессор, акушер және гинекология бөлімінің басшысы Серік Ысқақов Ақмола облысының акушер гинекологтарына, лапароскопиялық гистерэктомия бойынша арнайы мастер-класс өткізді. Айтып өтейік,  лапароскопиялық гистерэктомия – бұл лапароскопия арқылы жатырды жою. Ота, жарық көзі жалғанған оптикалық құрылғы — лапароскоп өтетіндей 0,5-1 см – тілік жүргізілуі арқылы жасалады. Қазіргі таңда, отаны осы жолмен жасау, науқас үшін отадан кейінгі қалыпқа келу мерзімінің ұзақтығын қысқартады. Сондай –ақ, абдоминальды гистерэктомияға қарағанда, тез сауығу және ауырсынуды аз сезіну байқалады. Профессор Серік Искаковтың айтуынша, бұл әдістің артықшылығы, отаның бұл түрінде жарақат аз болады, өйткені ота шағын тіліктер жүргізу арқылы орындалады, жақсы косметикалық нәтижені қамтамасыз етеді, науқастар отаны жеңіл өткереді және отадан кейін жансыздандыру қажет болмайды. Сонымен қатар, емдеуде жату мерзімі 3-4 күнге дейін қысқартылады. «Бейнені ұлғайтып көрсететін, жоғары ажыратымдылығы бар монитор кіші жамбас органдарын жақсы шолуды қамтамасыз етеді, бұл интраперациондық және операциядан кейінгі асқынулар қаупін азайтады. «Бұл қосымша аналық бездің кистасын, эндометриозды,жабыспалы (спаечном) процессті анықтау кезінде әсіресе маңызды екенін» мастер – класс барысында атап өтті.

 

 

 

 

 

 

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


 

Біздің мекен-жайымыз: Астана қ., Манас көшесі, 22
23, 51, 55, 80, 101, 304 автобустар қатынайды, «№2 Ақмола облыстық аурухана» аялдамасы.    
Пошталық мекенжай: 010000, Астана қ., Манас көшесі, 22
Телефон/факс: +7 (7172) 54-87-82
Электронндық пошта: cln-rkb@akmzdrav.kz