Телефон/факс: +7-(7172)-54-87-82 * Приемный покой +7-(7172) 54-93-07 * Телефон доверия +7(7172) 45-74-03 * E-mail: cln-rkb@akmzdrav.kz

Құрметті емделушілер!..


     2017 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Речспубликасында азаматтардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті алу құқығын қамтамасыз ету мақсатында ай сайын жарналар мен аударымдар жүзеге асырылатын болады.

Төлем көзі мен жарналар/аударымдардың мөлшері Сіздің әлеуметтік мәртебеңізге тәуелді болады:

- жұмыс берушілер өз жұмысшылары үшін жарналар мен аударымдар төлейді;

- өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған азаматтар (оның ішінде кәсіпкерлер) өз табыстарынан немесе ең төменгі еңбекақыдан жарна төлейді;

- мемлекет әлеуметтік қорғалмаған халық үшін жарналар төлейді:

1. Балалар

2. «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған көп балалы аналар;

3. Ұлы Отан соғысының ардагерлері;

4. Зейнеткерлер;

5. Мүгедектер;

6. Күндізгі бөлімде оқитын колледж, КТУ, ЖОО студенттері, сондай-ақ ЖОО-дан кейінгі білім алушылар;

7. Бала 3 жасқа толғанға дейінгі мерзімде декреттік мерзімдегі тұлғалар;

8. Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар;

9. Бала 3 жасқа толғанға дейінгі мерзімде тәрбиелейтін және жұмыссыз жүкті әйелдер;

10. Интернаттық ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін азаматтар;

11. Сот үкімі бойынша уақытша ұстау изоляторында, тергеу изоляторында ұсталатын және жазасын өтейтін тұлғалар.

 

Егер Сіз өзіңіздің ӘЛЕУМЕТТІК МӘРТЕБЕҢІЗДІ анықтауда қиналатын болсаңыз, онда Сізге www.egov.kz «ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТ» ПОРТАЛЫНДА ӨЗІҢІЗДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘРТЕБЕҢІЗДІ БІЛУІҢІЗ ҚАЖЕТ НЕМЕСЕ мекен-жайыңыз бойынша ХҚКО баруыңызға болады.

 

Толық мәлімет: www.fms.kz сайтында

Бірыңғай байланыс орталығы – 1434, 1414, 8 8000 808 887

 

«№2 Ақмола облыстық ауруханасы»

ШЖҚ МКК әкімшілігі


 

Біздің мекен-жайымыз: Астана қ., Манас көшесі, 22
23, 51, 55, 80, 101, 304 автобустар қатынайды, «№2 Ақмола облыстық аурухана» аялдамасы.    
Пошталық мекенжай: 010000, Астана қ., Манас көшесі, 22
Телефон/факс: +7 (7172) 54-87-82
Электронндық пошта: cln-rkb@akmzdrav.kz