Телефон/факс: +7-(7172)-54-87-82 * Приемный покой +7-(7172) 54-93-07 * Телефон доверия +7(7172) 45-74-03 * E-mail: cln-rkb@akmzdrav.kz

№2 Ақмола облыстық ауруханасының даму тарихы

Ақмола облыстық  Денсаулық  сақтау  басқармасының  жанындағы «№2 Ақмола  облыстық  ауруханасы»  шаруашылық  жүргізу  құқығындағы  мемлекеттік  коммуналдық  кәсіпорыны   тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне сәйкес жеті аудан тұрғындарына Целиноград, Аршалы, Астрахан, Егіндікөл, Ерейментау, Қорғалжын, Шортанды білікті медициналық  көмек көрсетеді.

Қызмет көрсететін тұрғындар саны  189553 (Целиноград ауданы-аймақ), соның ішінде   Целиноград ауданы бойынша  63430 адам, оның ішінде   ересектер саны -  42016, 14 жас дейінгі балалар саны  -  19228.

1952 жылғы  10 қаңтардағы  Ақмола  аудандық денсаулық сақтау бөлімшесінің №2 бұйрығына сәйкес 1952 жылғы  01  ақпандағы Ақмола облыстық   совет халық депутаттар исполкомының  №151 шешімін орындау   мақсатында  1952 жылғы 01  қаңтардан бастап    аудан орталығында   Целиноград аудандық ауруханасы 25 кереуеттік стационар  ашылды және  1952 жылғы  01  маусымға  75 кереуеттік орынға жеткізу  керек болды.    Барак  типті  ғимарат   қалашықтың   Фурманов көшесіне  салынды.   1986 жылғы  қазан айында   қазіргі ғимаратқа   Астана қ.   Манас  көшесі, 22  көшірілді.  2 және 3  қабат ғимаратта орналасқан.

Ақмола облысының орталығын Көкшетау қаласына  орналастыруына  байланысты   Астана  қаласына  іргелес жатқан аудандар   тұрғындарына   облыстық емдеу  мекемелері  алыс  қашықтықта болғандықтан мамандандырылған көмек алу   мәселесі туындап отыр.

2000 жылы  облыс Әкімі шешімімен    Целиноград  орталық аудандық ауруханасы атауын  Целиноград аймақтық клиникалық ауруханасы  болып өзгертілді.

Целиноград аймақтық клиникалық ауруханасының алдына  қойған міндет - емханалық-кеңес беру,  Целиноград, Аршалы, Астраханского, Егіндікөл, Ерейментау, Қорғалжын, Шортанды білікті және мамандандырылған   медициналық көмек   көрсету.

2007 жылғы  наурызда    облыс Әкімінің шешімімен  өз алдына  жеке заңды   түрде  стационар және  емхана   болып   бөлінді.

Емхана  Целиноград ауданы,  Ақмола  с. көшірілді.  

2011 жылғы  сәуірде   2011 жылғы  12 сәуірдегі  облыс  Әкімінің  №А-3/127 қаулысына сәйкес  Целиноград аймақтық клиникалық ауруханасы   атауы Ақмола облыстық  Денсаулық  сақтау  басқармасының  жанындағы «№2 Ақмола  облыстық  ауруханасы»  шаруашылық  жүргізу  құқығындағы  мемлекеттік  коммуналдық  кәсіпорыны   болып өзгертілді.

№2 Ақмола облыстық ауруханасы  өз құрамында:

195 кереуеттік – стационар,   соның ішінде  40 кереуеттік – хирургия бөлімшесі, 45  кереуеттік – терапия бөлімшесі,  25  керуеттік -  гинекология бөлімшесі, 45  керуеттік – перзентхана бөлімшесі, 25  керуеттік – балалар бөлімшесі, 15  керуеттік – жұқпалы аурулар бөлімшесі,  одан басқа  25  керуеттік -  реанимация бөлімшесі  тиесілі.

Келесі бөлімшелерде арнайы керуеттік  орындар бар:

  • Терапия профилі: жалпы терапиялық -21 , кардиологиялық -15, неврологиялық-9,  оның ішінде  оңалту неврологиялық  – 1.
  • Хирургиялық профилі: хирургиялық-20, травматологиялық-10, урологиялық-5, оториноларингологиялық – 5.
  • Қабылдау-диагностикалық бөлімшесі., физиотерапиялық бөлімшесі,  операциялық бөлімшесі, дәріхана, ұйымдастыру-әдістемелік кабинеті. 

Келесі түрлері бойынша параклиникалық көмек  көрсетеді:

  • зертханалық;
  • эндоскопиялық;
  • ультрадыбысты;
  • функционалдық;
  • ентгенологиялық зерттеу.

№2 Ақмола облыстық ауруханасы  3 қабылдау бөлімшелерінде (перзентхана,  жалпы және  жұқпалы аурулар) тәулік бойы стационарлық көмек көрсетеді. 

Тәулік бойы  кезекші дәрігерлер бригадасы жұмыс істейді: Құрамында  хирург, педиатр, гинеколог,  екі реаниматолог, терапевт,   сонымен қатар клиникалық және   рентген  зертханашысы.

№2 Ақмола облыстық ауруханасы «АМУ» АҚ  жалпы  хирургия,  акушерлік және гинекология және терапия кафедраларының базасы болып табылады.

Бүгінгі күнде  ауруханада 290   қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде 2 медицина ғылымдарының докторы, 3 медицина ғылымдарының кандидаты  және  6 денсаулық сақтау ісінің үздігі.

Ауруханада 51 дәрігердің 18  -  маман сертификаты,  33 -  дәрігердің біліктілік санаты, оның ішінде  15 -  жоғары  санаттты дәрігер жұмыс істейді .

Орта медициналық қызметкерлер  - 107,  сертификаты бар – 67,   біліктілік санаты бар - 40  оның ішінде  жоғары санатты - 13.

Жұмыс істеген мерзімі аралығында  басқарушылық құрамы, сонымен қатар жұмыс көлемі  және медициналық көмек көрсету сапасы өзгерді:   аурухананың бірінші бас дәрігер  қызметін атқарған -  Горьковой Иван Платонович ,  бұдан әрі Грибанов Михаил Николаевич, Черномашенцев Виктор Иванович, Темірболатов Сағындық Темірболатович, Агибаев Лазо Мухамедиевич, Маркелов Сергей Иванович, Тажин Болат Мауленович, Достығаринов Марат Аймағамбетович. 

Бұл аурухананың 60 жылдан аса негізі   әйелдер қауымы жұмыс істейтін мекеме  үздіксіз  еңбек еткен,  көзге   көрінбейтін,   ауырда, күрделі  жолдан өтті.   Бұл ауруханада болған әр адам  біледі,  бұл   сенімді және денсаулық  сақтау  көмекшісі.  Даңқы берік.  Осы ауруханада  мейірімді,  адамгершілік,   қалыпты жағдай болуын айқындайды.   Бұл қажырлы еңбектің басында  ауруханада 20, 30, 40 және 50 жылдан аса жұмыс істеген  адамдар тұрғаны сөзсіз.

Біздің мекен-жайымыз: Астана қ., Манас көшесі, 22
23, 51, 55, 80, 101, 304 автобустар қатынайды, «№2 Ақмола облыстық аурухана» аялдамасы.    
Пошталық мекенжай: 010000, Астана қ., Манас көшесі, 22
Телефон/факс: +7 (7172) 54-87-82
Электронндық пошта: cln-rkb@akmzdrav.kz