Телефон/факс: +7-(7172)-54-87-82 * Приемный покой +7-(7172) 54-93-07 * Телефон доверия +7(7172) 45-74-03 * E-mail: cln-rkb@akmzdrav.kz

Перзентханаға жататын әйелдер үшін жаднама

Бір жерге жиналар  кезде  қажетті затты   қалдырып  кететініміз белгілі.   Бұл күнделікті кездесетін әдеттегі  жағдай болса,  босану кезінде  не айтуға болады, әсіресе  егер  жоспарлы  емес,   шұғыл  жағдайда  не істеуге болады?  Перзентханаға  барар кезде алдын-ала  қажетті  заттарды және құжаттарды дайындап  алған дұрыс.  Мынаны есте сақтаңыз:  құжатыңыз болмаса сіздің  қойылған сұрақтарыңызға ешкім жауап бермейді, сондықтан да ең алдымен    қажетті құжаттарыңызды салып қойыңыз.  Сіз ақылы  немесе жекеменшік  емханада   босанатын болсаңыз   төлқұжат,  ауыстыру картасы,  ОМС полисі   және босануға контракт   қажет болуы тиіс. Өзіңізбен  бірге  кез келген сүртілетін аяқ киімі  болған дұрыс.

Егер де бірден перзентхана бөлімшесіне баратын болсаңыз, осы жинаған  заттарыңыз жеткілікті, өйткені  бұдан артық  зат алуға  рұқсат  етілмейді. Егер де өзіңізбен ұялы телефон, плейер,  фотоаппарат, бейнекамера алғыңыз келсе, алдын-ала  сұрап білгеніңіз жөн.

Тамақ  алудың қажеттілігі жоқ, өйткені босану мерзімі аралығында рұқсат етілмейді. Үйден емес, басқа жерден алып кету жағдайы туындап қалса, туған-туыстарыңыз тез тауып алатындай ғылып,  қажетті заттарды жинақтап сөмкеге немесе пакетке салып дайындап қойыңыз. 

Босанғаннан кейінгі қажет болатын заттарыңызды кейін туған-туыстарыңыз жеткізеді. Сізге жеткізетін бұл заттарды алдын-ала  даярлап қойыңыз. 

Екінші пакетке не салу керек? 

Босанғаннан кейінгі кезеңде міндетті түрде қажет болатын заттар. Біріншіден, іш кимі көлеміне келетін гигиеналық прокладка (жуып  әуреге салмас үшін, бір реттік болғаны дұрыс). Одан әрі  балаға  памперс бумасы (3 тен 6 кг дейін). Одан басқа тіс пастасы, щетка, сабын,  шампунь, тарақ,  дәретхана қағазы, бет және дене кремі ғана емес емізік жарықшағына  қарсы жағатын крем болуы тиіс. Сізге қажетті косметикалық құралдарды  алуға болады.

Өзіңді босанғаннан кейіңгі кезеңде қолайлы сезіну үшін  алдын-ала ойластырып қойғаның жөн.

Көптеген перзентханаларда   үйде киетін  халатты, пижаманы және орамалды   алуға  рұқсат етілген.  Бұл  туралы алдын-ала  біліп алыңыз және  өзіңізбен алатын  сөмкеңізге салып қойыңыз. Өзіңізге ыңғайлы  пижамыңызды  алсаңыз, өзіңізді жайлы сезінесіз.

Сонымен қатар қаламсап пен қағаз алуды ұмытпаңыз, күнделік және тіл хатын жазар кезде қажет болады.

Егер де  жүкті әйелдер патологиясына жоспарлы түрде жататын болсаңыз, осы аталған заттардан басқа әжетханаға қажетті заттар, халат, пижама немесе ұйқыға жатар кезде киетін жейде, жеңіл тамақ, оқитын  кітаптар алуға болады.

Ерте бастан қамданар болсаңыз, қолайсыз жағдайлар туындамайды!

Іске сәт!

Жүктілік бойынша есепке қашан және қалай тұру керек

Сіздің отбасыңызда қуанышты жағдай болды ма- сіз сәби күтіп жүрсіз бе?  Осыған байланысты болашақ ананы көптеген: «Қалай дұрыс тамақтану керек?», «Күн тәртібін қалай сақтау қажет?», «Сәбиге не зиян келтіруі мүмкін?» және басты мәселе «Жүктілік бойынша қашан және қалай есепке тұрам?» деген  мәселелер мазалайды.

Қазіргі уақытта жүкті әйел қай жерде бақылануына болатынын таңдау орны бар. Ол мемлекеттік әйелдер консультациясы, перзентханалар және жеке меншік медициналық клиникалар. Бақылану орнын таңдау әйелдің талабына және оның материалдық мүмкіндігіне байланысты.

Қайда бақылануға болады?

Бақыланудың  алғашқы және ең көп тараған түрі- бұл мемлекеттік емхана, мұнда физиологиялық жүктіліктің бақылауы жүргізіледі.   Оның негізгісі үйіне жақын орналасқан  емхананың орны болып табылады. Белгілі бір қауіптің дамуы жағдайында емхананың акушер-гинеколог дәрігерлері мұндайда әйелді перзентхана жанындағы әйелдер консультациясына бақыланудың екінші кезеңіне ауыстырады.

Әдетте,  жүкті әйел тұратын ауданына жетекшілік ететін акушер-гинекологта бақыланады. Бірақ болашақ ана қандай да бір себептермен бұл дәрігерге есепке тұрғысы келмесе, онда ол әйелдің оны ауыстыруға толық құқығы бар.

Жүктілік бойынша өзі бұған дейін қай жерде емделіп, қай жерде әйелдер консультациясында  қаралған жері бойынша есепке тұруы қажет. Ол медициналық бақылаудың жалғастырушылығын (барлық анализдер, ауруын және өткен емдеулері есептеулі және амбулаторлық картасында құжатталған) сақтайды.  Басқа орынға есепке тұру үшін болашақ ананың бұдан бұрын бақыланған орнынан, әйелдер консультациясынан шығу туралы көшірмесін әкелуі қажет.  ҚР ДСМ бұйрығына сәйкес жүкті әйел нақты тұрып жатқан орны бойынша есепке тұрады.

Жеке меншік медициналық орталықта жүктілікті жүргізу және бақылау мүмкін.  Жүкті әйел клиниканы таңдай отырып, емдеуші дәрігерді таңдайды және заңды күші бар келісім-шарт бекітеді.  Шарттың құны көрсетілетін қызмет пен маманның біліктілігі, орталықтың деңгейіне байланысты және әр түрлі болуы мүмкін.  Алмастыру картасын беретін клиниканың лицензиясының бар екеніне ден қою қажет (онда жүктілік ағымы туралы барлық мәліметері белгіленеді).

Жүктілік бойынша есепке қай уақыттан бастап тұру қажет?

«Денсаулық сақтау жүйесі және халық денсаулығы туралы» ҚР кодексіне сәйкес

90- бап  жүкті әйел жүктіліктің 12- аптасына  дейінгі мерзімде медициналық есепке тұруға міндетті.

Консультацияға ерте келу ол жүктіліктің асқану мүмкіндігін емдеу және уақытылы айқындауға мүмкіндік береді және дені сау сәбидің туылуын қамтамасыз етеді.    Сонымен қатар есепке ерте тұру жүктіліктің және босанудың максимальді мерзімін  тура анықтауға мүмкіндік береді.

Барлық  анализдерді тапсырып және бірталай дәрігерлерге барып, одан барлық жасаған жұмысың бостан босқа кеткенін білу  өте өкінішті.  Сондықтан  дәрігерге «берілудің» оңтайлы мерзімі –бұл 9-12 аптасы.

Жүктілік бойынша есепке қалай тұруға болады?

Әйелдер консультациясына алғаш келгенде дәрігер ауырған ауруларына көңіл бөледі, созылмалы аурулардың бар екенін, операция, аллергия және бұрынғы жүктілігінің ағымы туралы анмнезін жинайды.   Жүктілік бойынша есепке тұру кезінде неше түсік тастағаны және  жасанды түсік болғанын  жасырудың  қажеті  жоқ.

Жүктіліктің бақылану сапасы үшін кез келген дерек маңызды болып келеді.  Содан соң әйелдің бойы мен салмағын өлшеу жүргізіледі.  Ол бой мен салмақ көрсетікішін өлшеу үшін және барлық тоғыз айдағы қосқан салмағын анықтау үшін  қажет.  Содан соң дәрігер гинекологиялық тексеріс өткізеді, жүктілік мерзімін және жатырдың өлшемін, қосымша гинекологиялық  ауруларын анықтайды және қынаптан микрофлораға жағынды алады.

Алынған мәліметтер негізінде жүкті әйел  сол немесе қандай да бір қауіп тобына жатқызылады (ақауының бар екеніне байланысты) және жүктілік жүргізу жоспары құрылады.  Есепке алар кезінде акушер-гинеколог бірқатар қажетті анализдер мен мамандарға кеңес тағайындайды.   Әйелдер консультациясына алғаш келгенге дайындалып келген және өзіңізді ойландырған мәселелер тізімін құрғаныңыз жөн.

Бізде ЖК кеше Ана күніне орай шағын мейрам болды.  Берілген сыйлықтардың арасында болған жаднаманы сіздерге ұысынып отырмын:

Құжаттар:

1) Жеке бас куәлігі  (+көшірмеі)

2) Жүкті әйелдің картасы  -  қажетті  анализдердің нәжесіне сәйкес толтырылған.

3) Перзентханаға жолдама  немесе  перзентханамен келісім шарт, емдейтін дәрігермен жасалған келісім шарт.

4) Перзентхана мекен жайы,   дәрігердің  байланыс телефоны

Перзентхана  келу үшін:

1. Гигиеналық заттар  (арнайы   босануға арналған бума)

2. Бір реттік   пайданылатын жаялықтар  (бума)

3. Ыңғайлы  киім  (  пижама , халат)

 4. емізуге ыңғайлы төстартқыштар

5. сүтті сіңіріп алатын прокладкалар

6. бір реттік  іш киімдер (5-7 дана)

7.Босанғаннан кейінгі бандаж (даулы сұрақ, дәрігердің кеңесімен)

8. Емшектің ұшына жағатын крем (жарықшаққа жағатын)

9. Косметикалық құралдар  және   әжетханаға қажетті заттар (тіс пастасы, щетка, тарақ,  шампунь,  сұйық сабын, крем,  әжетхана қағазы (дымқыл ) , дымқыл майлықтар.

10.  Бірнеше дана шұлықтар

11.  Орамалдар

12. Күнделік, қаламсап (жазу үшін)

13. Ұялы  телефон, қуат бергіш құрылым

14. Палатаға, душқа  киетін аяқ киімдер

 15.Шыны аяқ,  қасық,  табақша (мен қосымша  табақша,  шанышқы, пышақ алдым)

16. Газдалмаған таза су (0,5 л. 2 бөтелке).  (алма, крекер)

Бала үшін қажетті заттар:

1)  Памперс бір бумасы (ең кішкентайы)

2) Ішінен киетін жейде (сыртқы тігісімен)

3) Тұтастырылып киілетін шалбар, жейде шалбарымен немесе ползункасымен ( жыл мезгіліне  байланысты)

4) Конверт,  балалар көрпесі  немесе плед

5) Шұлықтар

6) Бас киім:  2 – 1 – жұқасы - ішінен,  2 - сыртынан  кигізілетін – жылы бас киім.  Жыл мезгіліне орай.

Перзентханадан   шығу кезінде ұмытпаңыз:

  1. Жүкті әйелдер картасы
  2. Тіркеу  үшін анықтама (АХАЖ тапсыру үшін)
  3. Ұсыныс  қағазы, сонымен қатар  перзентхана берген  бала денсаулығы туралы  қорытынды

Өз атымнан     қосар болсам,   әйелдер босантын мекемеден  тізімдемеге енгізілген өзгерістерді  енгізген дұрыс.   Кейбіреулер  өзінің төсек-орнын,  компресстік шұлығын   сұрауы мүмкін.  Әркім өзіне  ыңғайлы затты алу  керек.  Мен өзіммен бірге  оқуға кітап алдым. Қажетті заттарды екіге бөліңіз,   өзіңізбен алатын заттар және    босанғаннан кейін туған-туыстарыңыз  әкелетін заттар.  Қыздар, жаңа  туған   нәрестеге    алатын заттарды   алдын-ала дайындап қойыңыздар,  кейін  ыңғайсыз жағдай туындамас үшін.   Перзентханадан  шығатын кезде  қажетті заттарыңызды   жинап, көрінетін жерге қойыңыз.  Перзентханадан  шығар кезде   осылардың бәрі дайын тұрса,   сіз жақсы көңіл күймен шығасыз.  Осы  айтылғандар орындалмаса  сіз  ауруханадан  шалбар киіп,   палатада киген  аяқ киіммен шығасыз.

Сәттілік тілеймін!

Болашақ әке болатындарға жаднама

болашақ әке   жүкті  әйеліне   әртүрлі  көзқараспен қарайды,  үш негізгі  түріне тоқталып дегеніне  көндіріп, не дұрыс, не бұрыс екенін өзі шешеді;
әйелінің  әр айтқан  тілегін орындайды,  ыңғайына қарайды;  
жалғыз сенің  емес, бәрінің басынан өтеті дегендей  селқос қарайды.

Осы  нұсқаларға жеке тоқталмайақ  қояйық. Кімдікі дұрыс?  Болашақ әкеге  жүкті әйелдің  жағдайын түсіну үшін, әркім  өзін оның  орнына  қойып  сезіну керек, оның көңіл-күйін және  не қажет екенін  анықтап алу әр ер азаматтардың қолынан келе бермейді.

Бірінші кезекте, алдағы уақытта  сіздерді үлкен  өзгерстер  күтіп тұр,   ол сәбидің дүниеге әкелу және оған  қамқор болу  сияқты  барлық ауыртпашылық анаға  түседі, сондықтан  да ол ертеңгі  күніне   сеніммен  қарайды.  Бұл сенімділікті  тек  қана  қасыңдағы  сүйікті адамы бере алады. Сондықтан  быраз жауапкершілікті өз мойныңызға алыңыз,  ықылас  білдіріп,  қамқорлық танытып,  ана мен сәбиге тірек бола  білуіңіз керек.

Әйел  ағзасында  жүктілік кезінде  гармонға байланысты маңызды өзгерістер болады, гармон дегеніміз - өмір қалыптастырушы. Болашақ ананың көңі-күйі осыған байланысты,  осыны білуіміз керек. Болашақ ананың  жүкті кезінде   кейбір  тамақтарды жегісі келіп,  әр нәрсені көңіліне алып қалады. Кездесетін өзгерістерді  жүрегіңізге жақын қабылдамаңыз.

Бақытты ата-ана болуларыңызға сәттілік тілейміз!

Біздің мекен-жайымыз: Астана қ., Манас көшесі, 22
23, 51, 55, 80, 101, 304 автобустар қатынайды, «№2 Ақмола облыстық аурухана» аялдамасы.    
Пошталық мекенжай: 010000, Астана қ., Манас көшесі, 22
Телефон/факс: +7 (7172) 54-87-82
Электронндық пошта: cln-rkb@akmzdrav.kz