Телефон/факс: +7-(7172)-54-87-82 * Приемный покой +7-(7172) 54-93-07 * Телефон доверия +7(7172) 45-74-03 * E-mail: cln-rkb@akmzdrav.kz

Түрік дәрігерлері №2 АОА базасында «Неонаталдық реанимация» бойынша мастер – класс өткізді..


 Түрік дәрігерлері №2 АОА базасында «Неонаталдық реанимация» бойынша мастер – класс өткізді.

     Ағымдағы жылдың  наурыз айының 25 жұлдызынан, Турік ынтымақтастық және үйлестіру агентігінің колдауы бойынша № 2 Ақмола облыстық ауруханасының базасында  Туркия Республикасының үздік неонатолог дәрігерлері «Неонаталдық реанимация» тақырыбында мастер класс өткізу басталды. ҚР ДСМ медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Эльмира Ахметова, Қазақстандағы Түркия Республикасының елшілігінің статс-хатшысы Озлем Херсан, Ақмола облысы денсаулық сақтау басшысының орынбасары Бибігүл Иманқұлова және Қазақстандағы TIKA өкілі Али Ихсан Чаглар мастер-класс қатысушыларына құттықтау, амандасу сөздерімен сөз сөйледі. Арнайы қонақтар мен оқу жетекшілері Түрік Республикасының профессорлары мен жетекші дәрігер неонатологтар болды: Медицина ғылымдары Университетінің профессоры Дэрья Буюккайхан, Ақын Ыстамбұл Университеттік ауруханасының Доценті Ильке Мунган, Доцент –дәрігер Ширин Гювен.  Үш күн бойы мамандар қазақстандық әріптестеріне мамандықтағы жаңа әдістері туралы айтты, және іс жүзінде сәбиге қалай тез және тиімді көмектесуге болатынын көрсетті. Оқыту жаңа туылған нәрестелердің реанимациясы бойынша, нәрестелердің нақпішіндері және фантомаларымен  практикалық жұмыстар түрінде өтті. Жаңа туылған нәрестелерге реанимациялық көмек көрсету бойынша, облыстың медицина қызметкерлері заманға сай симуляциалық  манекендермен практикалық дағдыларын дамытты.

"Дәрігерлердің жұмысын кәсіби атқаруы өте маңызды, өйткені олар тек қана баланы құтқарып қоймай, болашақта кездесуі мүмкін күрделі аурулардан сақтайды. Жақында ғана Түркияда неонаталдық реанимация мәселесі асқынып тұрды, бірақ тәжірибе алмасудың арқасында біз жетістіктерге жеттік. Енді біз қазақстандық мамандармен өз тәжірибемізбен бөліскіміз келеді" – деді Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің сарапшысы Исмаил Гюрлек. Оқытудың басты мақсаты - өлім-жітімді төмендету және шала туған балалар мүгедектігін азайту. «Түркия дамудың үлкен қадамын жасады. Егер бұрын 1000 - нан астам балалардың ішінен 40 бала көз жұмса, қазір олардың саны 7 – ге дейін қысқарды. Нәрестелер өлім-жітімнің, ең көп тараған төрт себептері бар – ол асфиксия, мерзіміне жетпей туу, жұқпалы аурулар мен ауытқулар. Шала туған балаларға қатысы айтсақ, мұнда бөбектерді құтқару мүмкіндігі ауруханалардағы арнайы бөлмелердің жабдықтарына тәуелді" екенін – Түрік Республикасының медицина ғылымдары Университетінің неонатология профессоры Дэрья Буюккайхан атап өтті.№2 Ақмола облыстық аурухананың бас дәрігері Тимур Мұратұлының айтуынша, аурухана шала туылған балаларды құтқарып қалуға қажетті барлық құрал-жабдықтармен және қондырғылармен жабдықталған.

Айта кету керек, оқуға Ақмола облысының неонатолог – мамандары ғана емес, Қазақстанның өзге аймақтарының өкілдері де келді. Атап айтқанда, 60 маман оқытудан өтті, оның ішінде 30 неонатолог және 30 мейірбике. Мастер – класс аясында, медицина қызметкерлерін жағдайы ауыр жаңа туылған нәрестеге арнайы мамандандырылған көмек  көрсетуге, жаңа туылған сәбилердің кейінге қалдыруға болмайтын әр – түрлі ауыр жағдайларында (асфиксия, тыныс алу жетіспеушілігі) тиімді реанимациялық сапалы көмек көрсетуге үйренді. Оқу, практика және емтихан тапсыру аяқталған соң, неонатологтарға тиісті сертификаттар табыс етілді. Оқудан өткен мамандар, сөзсіз алған дағдыларын болашақта басқа да қазақстандық мамандарға бере алады. Сондай-ақ, атап өткен жөн, Ақмола облысы бойынша нәресте өлім-жітімінің деңгейі жылдан - жылға төмендеп отыр. Мәселен, 2008 жылы бұл көрсеткіш 1000 тірі туғандарға шаққанда 17,58 болса, бүгінгі таңда, бұл көрсеткіш 1000 тірі туғандарға шаққанда 7,5 құрап, 57,3% - ға төмендеп отыр.

 


 

Біздің мекен-жайымыз: Астана қ., Манас көшесі, 22
23, 51, 55, 80, 101, 304 автобустар қатынайды, «№2 Ақмола облыстық аурухана» аялдамасы.    
Пошталық мекенжай: 010000, Астана қ., Манас көшесі, 22
Телефон/факс: +7 (7172) 54-87-82
Электронндық пошта: cln-rkb@akmzdrav.kz